Елде заңдастырылмаған криптовалютаға қаржы салу қауіпті. Алматыда өткен баспасөз конференциясында банк басшылары осындай пікірлерімен бөлісті. «Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, электронды ақшаны бақылайтын да, реттейтін де өкілдік жоқ. Ал «Казкоммерцбанктің» атқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров биткоин сатып алған жандардың көбі ұтылуы әбден мүмкін деп есептейді. Сондықтан Халық банк басшысы криптовалютаға жоламауға кеңес береді.
Үміт Шаяхметова, «Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы:
Қазақстанда криптовалюта әлі заңдастырылған жоқ, әрі белгілі бір тәртіп бойынша реттелмеген. Менің ойымша, блок-чейн жүйесімен жүзеге асатын биткоин, итерум, тағы басқа технологияларға жауапкершілікпен қараған жөн. Электронды ақшаны сатып алған жағдайда оған нақты сенім жоқ. Жай ғана дефолтын алайық. 9 жағдайдың тек бірі ғана нарықта қалады. Қалғаны мүлде жойылып кетеді. Ұтылуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан жергілікті жұртқа жаңа қаражат сақтаудың баламалы жолына жоламауға, сатып алмауға кеңес беремін.
Олжас НҰРЖАҚЫП