Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Биліктегі ауыс-түйіс жалғасты

AstanaTV
14.06.2019ж. 20:00
5425
Биліктегі ауыс-түйіс жалғасты

Биліктегі ауыс-түйіс жалғасты. Екіге бөлінген қос агенттікке бүгін басшы тағайындалды. Президент жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Алик Шпекбаев бұрынғы қызметінен алыстап кетпеді. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды. Алик Шпекбаев 2017 жылдың аяғынан бері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігіне төрағалық етті. Қызметін қарапайым дәнекерлеуші болып бастаған 62 жастағы шенеунік құқыққорғау органдарында бірқатар лауазымды қызметтер атқарды. Ал агенттіктен бөлініп шыққан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы болып бұған дейін мәжіліс депутаты болған Анар Жайылғанова тағайындалды. 50 жаста. Оның сот, құқықорғау саласында тәжірибесі мол, лауазымды қызметтерде де болған.

Н. Біләл