Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шет елдерде мемлекет мүддесін қорғау үшін 15 жылдың ішінде 18 млрд АҚШ доллары жұмсалды - М.Бекетаев

AstanaTV
14.06.2019ж. 20:00
2683
Шет елдерде мемлекет мүддесін қорғау үшін 15 жылдың ішінде 18 млрд АҚШ доллары жұмсалды - М.Бекетаев

Ұлттық банк шотындағы 21 жарым млрд АҚШ доллары заңсыз салынған бұғаттан босатылды. Бұл туралы бүгін Әділет министрі халыққа есеп беру кездесуінде айтты. Ол шетелде молдовалық бизнесмен Анатлоий Статидің үкіметке қарсы арызына байланысты бұғатталған. Сол кезде Қазақстан америкалық банк әрекетін заңсыз деп сотқа берген еді. Марат Бекетаев қазір келтірілген залалдың орнын толтыру үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.  

Марат БЕКЕТАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

Ұлттық қордың активтеріне салынған заңсыз тыйымдар алынды. Bank of NY Mellon банкіндегі ұлттық шотына 21,5 млрд АҚШ доллары сомасына салынған заңсыз тыйым алынды.

Министрдің айтуынша, 2003 жылдан 2018 жылға дейін мемлекет мүддесін шет елдерде қорғау үшін 18 млрд АҚШ доллары жұмсалған.

Д. Қайыртай