Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Әке, қарным ашты!» Нұр-Сұлтанда алимент төлеуі керектердің қарызы 400 млн теңгеден асқан...

AstanaTV
15.06.2019ж. 20:00
4000
«Әке, қарным ашты!» Нұр-Сұлтанда алимент төлеуі керектердің қарызы 400 млн теңгеден асқан...

Көшелердегі «Әке, қарным ашты!» деген билбордтарға сол сұрау бағытталғандар емес, «бала-бауыр етім» дейтіндер ғана селк ететін сияқты. Алимент төлемейтін әкелердің балаларының қарны ашып, көйлегі тозғанына селт етпейтініанықты көрмегенсіп отыратын біреулерді еске түсіреді. Басшылық қызметке әйелдер көбірек тартылуы керек дегеннің бекерге шықпағаны көрінеді... Нұр-Сұлтанның өзінде алимент қарызы 400 млн теңгеден асқан. -Алимент төлемейтіндердің арасындағы жұмысы жоқтарына бейнелеп айтқанда «күрек» ұсынсақ, таңдағыш, анау да ұнамайды, мынау да ұнамайды,-дейді жұмыспен қамту орталығының мамандары. Ата-ана наласына ұшыраудан асқан күнә жоқ дейді, баланы бақпай, жылату да сондай күнә деп ойлаймын. Тоқсаныншы жылдары қандай қиын кезең болды, сол кезде балаларын аш қалдырмап еді, жұрт. Әлішер Өмірзақ жалғастырады.

«Алимент» деген сөзді жиі естігеннен бе, бір айтқанда ешкім де селк етпейді. Төлемейтіндер деп қысқа ойлай саламыз. Ал жарылыс десе ше? Елдің есі шығады. Бұл әрине, түсінікті де. Ал бала үшін жарылыс деген не? Бомбаның не екенін білмейтін кішкентайдың психологиясын сындыруы мүмкін бір ғана сыртқы фактор - әке-шешесінің ажырасуы. Елімізде әрбір үшінші отбасы ажырасады, дейді. Оған қоса баласының алиментін төлемейтіндер де аз емес. «Жарылыс» деп шу көтерген есалаңды 1 күнде ұстап, жазалайтын полиция, баласын тастап кеткенімен қоймай, алимент төлетуге келгенде қауһарсыз болып отыр.

Әйгерім Ибраева, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратура басқармасының прокуроры:

Нұр-Сұлтанда алиментшілердің қарысы 400 миллион теңгеден асты. 2000 мыңға жуық азамат жалтарып жүр. 5 мың борышкердің айлығынан ұстап, төлетіп отырмыз. Жақында ақшам да жоқ, түгім жоқ деген алиментшінің көлігі барын анықтадық. Ұсталғасын 2 миллионға сатты. Төлеттік. Жыл басынан бері 27-ісіне әкімшілік жаса қолдансақ, 2-інің бас бостандығын шектедік.  

Нұр-Сұлтанда бас-аяғы 30 мыңға жуық алимент төлеуі керек адам бар. Оның 95 пайызы еркектер, 5 пайызы әйелдер... 

Берік Рақышев, «Қазақстан әкелер одағы» төрағасының орынбасары: 

Қазіргі таңда жалғыс басты әкелер де көбейіп жатыр. Әкелерді балаларымен тастап кеткен. Жұмысқа кеттім деп. Ол бүкіл жерде бар, өкінішке орай. Әке ол әйелдер секілді алимент талап етіп жатқан жоқ. Оны да біз алға тартуымыз қажет. 3 жұмыста жүрсе де өз күнін көріп жүр.

Ал төлемейтін еркектердің арасында «неге?» деген сұраққа: «әйелімді жек көремін» деп жауап беретіндер бар көрінеді. Бірақ ол баласынан емес, әйелінен ажырасқанын қалай ұқпайтынын түсіну қиын. Ал жұмысым жоқ дегендерге жұмыспен қамту орталықтары қол ұшын созбайды емес, созады. Максим Ажель жұмысы бар кезде алиментті үзбей төлеп келгенін айтады. Тек соңғы 1 жылда тұрақты табысы болмай, балаларының алдындағы берешегі 700 мыңға жетіпті. 

Максим Ажель, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны: 

Екі балам бар. Айлық табысымның 33 пайызын төлеймін. Шартсыз жұмыс істеп келдім, құрылыста көбіне. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шартты түрде жұмыс деген соң келдім. Жұмысқа орналасқасын жиналған қарызымды толық төлеймін.

Бұл Максимнің арнамызға 1 апта бұрын берген интервьюі болатын. Қазір ол пәтер иелерінің кооперативінде аула сыпырушысы болып істейді. Енді қарызын қайтарып бастайтынын айтады. Алайда Максим секілділер аз, не ұсынған жұмысты менсінбейді, не мүлде істегісі келмейді. 

Қадиша Сералинова, «Жорға МТ» ЖШС директоры: 

10 шақты адам келді. Біреуінің ғана сұранған категориясы бар, бірақ категориясы болғанымен талабы өте зор. Жұмысқа алғаннан кейін стажировка өткіземіз 1 ай бойы, бірақ олар өткісі келмейді. Айлығын 300-500 мыңнан кем төлемеңіздер дейді. Біз оны тексеріп алмай, ондай айлық төлей алмаймыз.

Жұмысы, мамандығы ұнамағанға үкімет арнайы грант бөліп оқытуды да қолға алған. Келгендері бар, бірақ онда да аз.  

Нұрлан Исекеев, Нұр-Сұлтан қ. жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары: 

5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Кондитер, тәрбиеші, құрылысшы және т.б. Бүгінге дейін мыңына жұмыс тауып беріп үлгердік. Тағы мыңға жуығы есепте тұр. Бірақ шындап келгенде жұмыс істеймін деген адамға жұмыс көп қой. Өзі де таба алады.

Бала құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ЮНИСЕФ қоры елімізде әкелер күнін атап өткен, мұндай іс-шара әкелердің есіне бала өмірінде маңызды рөл атқаратынын салып отырады, дейді. Әйтпесе біздің елде отағасылардың 6 пайызы ғана баласының өміріне белсенді түрде қатысады екен.  

Артур ван Дизен, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі:  

Еуропа елдерінде де ажырасу фактілері көп. Алимент төлемеу де бар. Бірақ төлемей қашу тым көп емес. Ажырасып кетсе де әйелі екеуі баласы үшін көп уақытын бірге өткізеді. Және бұл қалыпты, солай болуы тиіс жағдай ретінде қарастырылады.

Көп ретте бала анасымен қалады. Кеткен әкелердің баласымен араласуы туралы үндемедік. Ажырасқан ерлі-зайыптының бала үшін бір мәмілеге келу мәдениеті ол бөлек әңгіме. Ал қарапайым айтқанда, баласының нанына ақша бермеу деген ешқандай да ақтауға келмейді. Ондайлардың өздерінің тамағынан ас қалай өтеді екен? Борыш дегенді түсінбейтін әкелердің балалары намысшыл болып өсетіні бар. Сол демеу.   

Әлішер Өмірзақ «Біздің уақыт»