$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Ақтөбеде көп қабатты үй тұрғындары тарақаннан зардап шегіп отыр

AstanaTV
17.06.2019ж. 20:00
3910
Ақтөбеде көп қабатты үй тұрғындары тарақаннан зардап шегіп отыр

Ақтөбеде көп қабатты үйді тарақан жайлап алған. Тұрғындар жәндіктер қабырғамен өрмелеп жоғарғы қабатқа дейін көтерілетінін айтады. Тарақанмен күрескендеріне біраз жылдың жүзі болған бірақ нәтиже жоқ дейді. Тараптарды тындап қайтқан әріптесім Бақыт Рахметова толығырақ баяндайды. 

Бұл үй тұрғындары зиянкестен әбден мезі болғандарын айтады. Қалай күресіп, оларды уласа да жәндіктердің азаятын түрі жоқ. Баспанаға есігін аттай бері химиялық дәрі қолқаны қабады. Тұрғындар осының салдарынан балалардың өзі жаппай аллергияға ұшырап жатқанын жеткізді.

Надежда ПЕЛЕЦКАЯ, ТҰРҒЫН: 

Бұл тарақандар тіпті жабық тұрған терезенің тесігінен үйге кіреді. Мен үш айдан бері күресіп, улап жатырмын. Бор қышқылын, у септім ештеңе көмектеспейді. Менде өзімде аллергия басталды. Бұл жәндіктер түрлі инфекция тасушылар.Олардың өздері сондай жеркенішті.

Дариға ҚАРАМУТДИНА, ТҰРҒЫН:

Өзім былтыр травить еттім. Қазір менде жоқ. Бірақ далада бар. Дусты сеуіп тастадым. Бірінші подъезд өте көп дейді. Үйлерінде бар. Үшінші этаждың қызы больницаға түсіп қалды, аллергия.

Тұрғындар жертөленің лас екенін айтады. Пәтер иесі кооперативі тарапынан да ешқандай әрекет жоқ деп шағымданды. Бірақ олардың өз уәжі бар. 

Галина ПОГИБА, «ЖӨҢДЕУ» ПИК ТӨРАҒАСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Тұрғындар өздері тазалықты сақтамайды. Қоқысты кез келген жерге, подъездге тастайды. Аула сыпырушылар жинайды. Бірақ өздері тазалық сақтамаған соң, таракан қаптайды әрине.

Негізі тұрғын үйлерде дезинфекция жылына екі рет жүргізілу қажет екен. Әкімдіктегілер бұл үйге жуық арада жәндіктерге қарсы улау жұмысын өткізетінін айтты.

Айгүл АМАНҚҰЛОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Келісім шарт жасалды. Дезинфекция жасау компаниясымен ол уақыты маусымның аяғы мен шілденің басында жүргізілетін болады. Басқарушы компанияға тапсырма берілді. Дезинфекцияны уақтылы жасау бойынша.

Шенділер тарақан қаптағаны туралы шағым тұрғындар тарапынан бұрын-соңды түспегенін айтып отыр. Бірақ жәңдіктен зардап көріп отырған тұрғын үй болашақта бақылауға аламыз деп уәде етті.

Б. Рахметова