Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Журналистер арасында теннистен турнир өтті

AstanaTV
17.06.2019ж. 20:00
2100
Журналистер арасында теннистен турнир өтті

Алматыда журналистер арасында теннистен республикалық турнир өтті. Спорттық бәсеке «TÚRKISTAN» халықаралық саяси апталығының 25 жылдық мерейтойы мен алда келе жатқан журналистердің төл мерекесіне орай ұйымдастырылған. Қолына қалам ұстап, халық пен билік арасындағы алтын көпір болған тілшілер қауымы теннис ракеткасымен де озық өткізе алатынын дәлелдеді. Бас жүлдені Жезқазғаннан арнайы келген «Сарыарқа» аймақтық газетінің фототілшісі Ғалия Әбдіғаппарова иеленді. Екінші орын «Талдықорған» газетінің бас редакторы Данияр Сейсенбаевке бұйырды. Ал қола жүлдені «Огни Алатау» басылымының өкілі Асхат Алтынбеков пен «TÚRKISTAN» газетінің бұрынғы қызметкері Есенкүл Кәпқызы қанжығалады. Сондай-ақ министрлік тағайындаған арнайы жүлдемен журналист Ақниет Оспанбай, Жандос Айтбайұлы және Есенқұл Тоқтағұл марапатталды. Отызға жуық БАҚ өкілдерінің басын қосқан шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Үстел теннис федерациясы қолдау білдірген. 

Қуат ӘУЕСБАЙ, «TÚRKISTAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ АПТАЛЫҒЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Шараның мақсаты негізінен әріптестер арасындығы ынтымақты бірлікті нығайта түсу. Біз журналистер негізінен салауатты өмір салтына, спортқа үндейміз халықты, бірақ өзіміз сол оқырманға үлгі болуды ойласақ, осындай бір шараны ұйымдастырсақ деген ниет.