Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өскеменде аю адамдардың кәуәбін жеп кетті

AstanaTV
17.06.2019ж. 20:00
4213
Өскеменде аю адамдардың кәуәбін жеп кетті

Өскеменде адамдар дайындаған кәуәпті аю жеп кетті. Жыртқыш Громотуха аймағында демалуға шыққандардан да сескенбепті. Кәуәп пен тіскебасарды сүйсіне жеген жануардың әрекетін риддерліктер видеоға түсіріп алған.

Аю ешкімге агрессия көрсетпеген. Қақталған етті шанышқыдан асықпай шығарып, жеп болған соң кештен қалған басқа да тамақтан дәм татқан. Қарны тойған маймақ демалыс орнынан алаңсыз кете барыпты. Орман шаруашылығы мамандары жыртқыштарға қатысты қандай бір шара қолдану қажеттігін айтады. Өйткені жақында Риддердегі бұл орталықта балалар сауықтыру лагері өз жұмысын бастайды. Айта кетейік, соңғы жылдары Шығыс Қазақстанда аюлар саны артып, 3000-ға жуықтаған.

Алексей ЧЕРЕПАНОВ, «ӨСКЕМЕН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ МАМАНЫ:

Аю адам жүретін жерге келе тұра, еш сескенбеген. Жануардың емін-еркін жүруі үшін адамдардан алшақ арнайы жерге апарып тастау керек. Бұл іске Шығыс Қазақстан облыстық аңшы-балықшылар қоғамдастығы мен аумақтық орман және аңшылық инспекциясы жауапты. 

А. Бектас