Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанда митинг кезінде 4 мыңға жуық адам ұсталған

AstanaTV
18.06.2019ж. 20:00
1919
Қазақстанда митинг кезінде 4 мыңға жуық адам ұсталған

Қазақстанда митинг кезінде 4 мыңға жуық адам ұсталған. Бұл туралы ІІМ Ерлан Тұрғымбаев айтты. Маусымның 9-нан 13-і аралығында - бес тәулік ішінде осындай дерек тіркелген. Министр митингіге шыққан азаматтар "шерулер және демонстрациялар туралы" заңды бұзған, дейді. Айтуынша, 3 мың азамат "қамауға алынып, босатылды". 677 адам сот арқылы қамауға алынып, 305 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды. 

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Бүкіл полиция тәртіпсіздіктердің жолын кесу үшін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл газ баллондары, дубинкалар, олар қолданылған жоқ. Бұл қақтығыстарды оқшаулау үшін тек физикалық күш қолданылды. 4 мыңға жуық азамат ұсталды. 

Сондай ақ, митинг кезінде 300-ден астам полиция қызметкері түрлі жарақат алып, бесеуі медициналық көмекке жүгінген. Нұр-Сұлтанда бұрышты балон салдарынан арнайы жасақ қызметкерінің екі көзін күйік шалды. Басына тас тиген қызметкер миы шайқалған және бас жарақаты диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілді. Алматы қаласында заңсыз акцияға көліктерімен қатысқандар жол қозғалысын реттемек болған полиция қызметкерін қағып кетті. Дәрігерлер оның аяғы сынғанын анықтаған. 

М. Дюсекина