Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралдық тұрғын мемлекеттік бағдарлама бойынша үйін бұзуға қарсы

AstanaTV
18.06.2019ж. 20:00
2158
Оралдық тұрғын мемлекеттік бағдарлама бойынша үйін бұзуға қарсы

Орал қаласының тұрғыны баспанасын мемлекеттік бағдарлама бойынша бұзуға қарсы шығып отыр. Үй иесі Тамара Глоба пәтерін былтыр күрделі жөндеткен. Бұл үшін банктен 3 миллион теңге несие алып, жетпеген ақшаны өз қалтасынан шығарыпты. Енді әрең деп ретке келтірген үйінің бұзылуына келіспейді. Даулы үйдің салынғанына жарты ғасырдан асқан. Сондықтан тұрғындардың түгелге жуығы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша ескірген пәтерін жаңасына ауыстыруға бірден келісіпті. Ал үйін бұздыруға қарсы шыққандар сол үйде тұрып жатыр. 

Тамара ГЛОБА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Пәтерімді өзіме жайлы қылып жабдықтадым. Енді маған көш дейді. Қайда көшем? Мына дүниенің бәрін қайда алып кетем? Оған ешкім бас қатырмайды. Мердігердің айтқан бағасы да, ұсынған үйі де ұнамады. Қазір үйге келіп тұрған су мен жарық, газ, жылу бәрін ажыратып тастады.

Бүгінде Оралда мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында 4 жылдан бері 13 ескі үй бұзылған. Биыл жоспарланған 10 үйдің төртеуі бұзылып жатыр. Ал тұрғын үй инспекциясының өкілдері шу шығарған тұрғындармен келіссөз жүргізіліп жатқанын жеткізді.  

Жұбан ЖҰМАҒАЛИЕВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Тұрғындарға шаршы метріне шаршы метр жаңа пәтерлердің кілті табысталатын болады. Немесе ақшалай алуы мүмкін. Тұрғындар өзінің жаңағы талаптарын қояды. Мердігердің өзінің талаптары болады, тұрғындар сол талаптарға келіскен жағдайда уақытша баспанаға көшірілу жұмыстары жүргізіліп, жаңа үй салынады.