Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбылда алғашқы болып «Айбын» орденін алған ардагер-полицей

AstanaTV
18.06.2019ж. 20:00
3639
Жамбылда алғашқы болып «Айбын» орденін алған ардагер-полицей

Жамбыл облысы бойынша алғашқы болып «Айбын» орденін алған ардагер полицей Тараз қаласында тұрады. Нұрғали Омаров қызмет бабында ерекше ерлік көрсеткен. Ол үш адамнан тұратын қарақшыларды жалғыз өзі жайратып салып, ауыр пышақ жарақатын алған. Бүгінде екінші топтағы мүгедектің санатына шығып, үш бала тәрбиелеп отыр. Артынан ерген ұлдары да полиция саласында қызмет етеді. Полицейлер әулетіне барып қайтан Данияр Әлімқұлдың репортажы. 

- Балам, сен қызметіңе адал бол полиция иміджіне нұқсан келтірме 

- Иә, әке сіздің айтқандарыңыз әр қашан жадымда жүреді .

Бұл өз жолын жалғаған баласына айтатын әкенің күнделікті кеңесі. Нұрғали Омаров 1998 жылы тараздағы қарулы қарақшыларға қарсы жалғыз өзі жүрексінбей барған батыр. Үш адамнан тұратын тонаушылардың тобына тойтарыс беріп, екі жерінен ауыр пышақ жарақатын алады. Оның осы ерлігін ескерген билік оның омырауына орден тағады. Осылайша, ардагер полицей аймақта алғашқы болып «Айбын» орденін алған полицей ретінде тарихта қалды. 

Нұрғали ОМАРОВ, АРДАГЕР-ПОЛИЦЕЙ:

Екіншісін ұрып құлаттым, үшіншісін де ұрып едім, құлап қалды. Сөйтіп, машинаға салып алып келдім РОВД-ға, кезекшіге өткіздім де сол жерде есімнен танып құладым. Мен ол кезде отабсымды ойламадым, марапатты ойламадым. Полицияда істейтін балам айтам жақыслап жұмыс істе, маған кір келеді, ұят келеді деп.

Ал, өңірдің бас полицейі ардагерді төл мерекесімен құттықтады. Артынан ерген ұлы Қуат Өлкенің қызметтегі жетістіктерін жіпке тізіп, ұлтына қорған ұл өсіргеніне алғысын айтты. Лейтенант шеніндегі жас полицей әке жолын жалғап жүргеніне мақтанады.  

Қуат ӨЛКЕ, ТАРАЗ қ. ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ИНСПЕКТОРЫ: 

Осы салаға келгеніме 3 жылдан астам уақыт болды. Өкінбеймін. Басты міндетіміз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Яғни, адамдарға халыққа қызмет ету. Және өзім полицейлер әулетінен шыққам және соны мақтан тұтамын.

Қилы да қиын қызметте жүрген жанның жары да анасы да болу оңай емес. Өйткені, әке мен бала халықтың қорғаны болар қауіпті мамандықты таңдады. Отыз жыл отасқан Нұрғали ағаның жары осылай деп жылы жымиып әрі ауыр күрсінеді.  

Ақмарал ОМАРОВА, АРДАГЕР-ПОЛИЦЕЙДІҢ ЖАРЫ:

Мен әрі полицейдің жарымын, әрі полицейдің анасымын. Бұл кісілдердің жұмыстары өте қиын. «Қай уақытта келеді екен, қалай боп келеді екен?» деп уайымдап отырамын. Бірақ мен өзімді жұбатамын бұлар елдің, халықтың қамы деп, тыныштығын сақтап жүр деп тілеуін тілеп отырамын.

Бүгінде Жамбыл облысында 3 мыңға жуық полиция қызметкері бар. Олар жыл сайын түрлі санаттағы қымыстық істерді ашумен айналысады.  

Данияр ӘЛІМҚҰЛ, ТІЛШІ: 

Менің қолымдағы қару «макаров» тапаншасы. Бұл Байтасов батырдың қарақшыға қарсы қолданған қаруы. Яғни, 2011 жылы терор шабуылшы тараздық тұрғындардың тынышын бұзған еді. Сол кезде Ғазиз есімді полиция капитаны лаңкестің жарылғыш затын кеудесімен қалқалап, жанкештімен бірге жарылып кеткен болатын. Демек, Байтасовтай батырды өсірген өңірдің қызыл жағалылары қызметіне адал болмауы мүмкін емес.

Д. Әлімқұл