Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Дәрігерлер жалақысын көтеруге қатысты есептеу жүріп жатыр

AstanaTV
18.06.2019ж. 20:00
5070
Дәрігерлер жалақысын көтеруге қатысты есептеу жүріп жатыр

Елімізде 1 шілдеден бастап медицина мамандарының айлығы 30 пайызға өседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 бастамасында халықтың тұрмысын жақсарту, тұрғын үй мәселесі және әлеуметтік бағытқа баса назар аударылған. Бюджет саласындағы әлеуметтік маңызға ие қызметкерлердің жалақысын көтеруге байланысты кей өнірлерде есептеу жұмыстары басталып та кеткен. Нұрсұлтан Біләл тарқатып айтады.

Жамбылда дәрігерлердің жалақысын көтеруге байланысты есептеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы өкілдері облыс орталығында орналасқан наркологиялық диспансерге барды. Жиында медицина саласы қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша қанша қаржы қосылатыны да айтылды.    

Жақып ЖЕКСЕМБИЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: 

Ақшаны есептеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кіші буын медицина қызметкерлері бұрын 50-60 мың алатын болса, қазір еңбек өтіліне сай 80 мың төңірегіне жететін болады. Орта буын медицина қызметкерлері бұрын 70 мың айлық алатын болса, қазіргі жағдайда 120 мың теңгеге дейін көтерілетін болады. Ал, дәрігерлердің айлығы бұрын 120 мың теңге болса сол 180 мың төңірегіне дейін жететін болады.

Ал, бас қаладағы Республикалық диогностикалық орталық мамандары Президеттің бастамасымен қолға алынып жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне бірқатар ұсыныстар жолдады. Олар медицина қызметкерлеріне қатысты түйткілдерді тізбектеп берді. Басты мәселе жалақы мен саладағы кадр тапшылығы.  

Роза БИСЕНОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТИСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Біріншіден, дәрігерлердің дәрежесін көтеру керек деп айтылған. Айлық жөнінде айтылды, көбейтілуі керек. Екіншіден дайындық мәселесіне жақсы көңіл бөлінуі керек. Одан кейін әл-ауқатын жақсарту керек, үй-жай мәселесін, барлық мәселелер дәрігерлерге жасалады деген әңгімені қозғады сол қозғалған әңгімелердің барлығын өзінің Президенттік программаларына қабылданады деп ойлаймын.

"Нұр Отан" партиясының Маңғыстау облыстық филалы болса, Президенттің нақты 10 бастамасын түсіндіру жұмыстарына қоғам қайраткерлері, жастар тіпті блогерлерді тартпақ. Осылайша халыққа әрбір алдағы мақсат анық болады дейдің партиялықтар. Бүгінгі күні өнірдегі партия өкілдеріне 32 мыңнан астам ұсыныс түскен.

Елеубай ӘБІЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Негізінен бізде жұмыссыздық мәселесі бар, тұрғын үй мәселесі, сондай мәселелер, әлеуметтік мәселелер. Осы мәселелермен жұмыс жасап жатырмыз. Қарау барысында біз тұрғындардың 2 жеңіл шешілетін мәселесін шештік. Қалған мәселелерді қазір шешу үстіндеміз.

Партия мүшелері қазіргі уақытта билікке қарапайым халықтың проблемаларын жедел жеткізу үшін жұмыла жұмыс жасау керек деп отыр. Жақын күндері жұмысын бастайтын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне де елдің артқан сенімі аз емес.

Н. Біләл