Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Мүмкіндігі шектеулі бала асырайтын отбасыға ерекше статус берілуі мүмкін

AstanaTV
19.06.2019ж. 20:00
2568
Мүмкіндігі шектеулі бала асырайтын отбасыға ерекше статус берілуі мүмкін

Мүмкіндігі шектеулі бала асырайтын отбасыға ерекше статус берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары айтты. Светлана Жақыпова мұндай статус ата-аналарға арнайы жеңілдіктен бөлек, ерекше қолдау көрсететінін жеткізді. Ал зейнетке ерте шыққан жарымжандарға арнайы зейнетақы жарнасы төленуі мүмкін. 

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ : 

Ал «Еңбек» бағдарламасы арқылы 18 000-нан аса мүмкіндігі шектеулі жанды жұмысқа орналастырдық. Былтыр тірек қимылында ақауы бар адамдарға субсидия қаралса, биыл көру қабілеті нашар азаматтар үшін арнайы субсидия бөлінеді. Бұл - оның кәсібін бастауға қолдау көрсету мақсатында қажет.

Қазір Қазақстанда 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектелуі жан бар. Оның басым көпшілігі еңбекке жарамды. Ал 88 мың бала 17 жасқа толмаған. Үйді білім алып жатқандар саны 15 мыңнан асады. Еске салайық, ерекше күтімді қажет ететін балаларға жәрдемақы 1 шілдеден бастап 30%-ға өседі. Яғни, ата-аналар енді 31 мың емес айына 42 мың теңге алады. 

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Білім министрлігімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандар шалдыққан ауру түрлерінің тізімі жасалады. Онлайн оқытудың сапасын жақсартып, педагогтарды қайта даярлайтын боламыз. Қазір 4 мыңнан аса орталық мұндай балаларды өздеріне оқытуға дайын. Тек арнайы білім беретін бағдарлама қажет. 

А. Бектас