Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Д.Трамп 2020 жылғы президент сайлауына қатысады

AstanaTV
19.06.2019ж. 20:00
2565
Д.Трамп 2020 жылғы президент сайлауына қатысады

АҚШ президенті Дональд Трамп 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынын ресми түрде мәлімдеді. Ол бұл туралы Орландода 20 мың адам жиналған сайлауалды митингі кезінде айтты. Америка президенті бірнеше күн бұрын осы шараға билет лезде таратылып, келушілер көп болғаны сондай зал көлемін 5 есеге үлкейтуге тура келгенін мақтанышпен айтқан еді. Саяси додаға қатысатыны туралы мәлімдеме жайдан-жай жарияланып отырған жоқ. Арнайы прокурор Роберт Мюллердің тексерісін аяқтаған болатын. Ол 2016 жылы Трамп пен Ресеймен алдын ала сөз байласуына қатысты дәлел таппады. Тіпті президент тергеуге кедергі келтірді ме деген сұраққа да жауап қатпады. Мұны таққа таласқан қарсыластар Трамптың өзіне қарсы қолданып, импичмент жариялағанға дейін пайдаланбақ. 

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Осыдан 4 жыл бұрын президент сайлауына қатысуға ниетті екенімді жарияладым. 2016 жыл тарихтағы маңызды сәт болды. Біз осы 2 жарым ішінде істеген істі ешкім жасаған емес. Біз осы жолы қолымыздан келді, оны тағы қайталаймыз. Сондықтан мен президент тағына күрес науқаны басталғанын ресми түрде жариялау үшін алдарыңызда тұрмын.

Әзірге әлеуметтанушылар келтірген сандар Трампты қуантпайды. Fox News сауалнамасына сүйнсек, Трамптың басты қарсыласы - Джо Байден. Оны сайлаушылардың 49 пайызы қолдауға дайын. Ал Трамп әзірге 39 пайыз иеленіп отыр. Бірақ бұған дейінгі сайлауда да оның бәсі Хиллари Клинтоннан төмен болған еді. Дегенмен айтарлықтай ұпаймен жеңіске жетті. Еске салайын, Америкадағы президент сайлауы келер жылдың 3-ші қарашасында өтеді.

Г. Меңдеева