Шымкентте «Nur Otan» партиясының өкілдері Президент айқындаған он бағытты халыққа түсіндіріп, оны іске асыру жолдарын талқылады. Саяси кеңес мәжілісіне қатысқандар Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген халықтың табысын асырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес турасында кеңінен сөз қозғады. Баспана мәселесін шешу бағытында да аймақта ауыз толтырып айтар жаңалық баршылық. Жиында сөз алғандар жас кәсіпкерлерді қолдауға барынша көп көңіл бөлініп жатқанына тоқталды. Осы орайда «Атамекен» палатасының өкілі елімізде кем дегенде 100 мың адамды кәсіпкерлік негізде оқытып, өз ісін бастауына ықпал ететіндерін жеткізді. Президент сондай -ақ, сегізінші бағытта-рухани жаңғыру үрдісі жалғасатынын айтқаны белгілі.
Орынбай РАХМАНБЕРДИЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС МҮШЕСІ:
Меніңше, мәдениет деген ол кино көру, театрға бару болмаса сол концерт көруде емес. мәдениеттілік деген духовно адамның рухани байлығын көтеру деп ойлаймын мен. Мысалы үшін ол мәдениеттілік үйде де мәдениеттілік болу керек, семьяда. Мәдениеттілік көшеде кетіп бара жатқан уақытында да, жұмыс істеп жүрген жеріңде де мәдениеттілік болу керек. Кешегі Қасекеңнің, Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жөніндегі айтқан мәселесі өте орынды деп ойлаймын.
А. Төребекқызы