Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұр Мүбәрәк» университеті Қарағанды облысына теологтар дайындайды

AstanaTV
24.10.2017ж. 20:00
3232
«Нұр Мүбәрәк» университеті Қарағанды облысына теологтар дайындайды

Египеттік «Нұр Мүбәрәк» ислам мәдениетінің университеті Қарағанды облысына теологтар дайындайтын болды. Өңірде дін саласында маман тапшылығы айқын байқалып отыр. Бүгін облыс әкімдігі мен аталған оқу орны болашақ мамандарды бірлесіп оқыту үшін өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Екіжақты уағдаластық 5 жыл мерзімге жасалды. Осы уақытта «Нұр Мүбәрәк» университеті Қарағандыға жыл сайын 10 теолог дайындап береді. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов осылайша, жастарды теріс ағымдардың жетегіне кетуден сақтаймыз,- дейді. Болашақ ұрпақ бойындағы қазақстандық патриотизмнің жаңаша ұстанымдары мен діни сана-сезімді қалыптастыру мәселелері «Жастар құндылықтар үшін» республикалық форумында талқыланды. 

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

Бізде қазір теолог мамандардың саны жетіспейді. Жас теологтарды дайындау мәселесі облыстық бюджеттен қаржыландырылады. 5 жылда біз жас теологтармен толық қамтамасыз ететін боламыз.