$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты баламалы қуат көзін енгізіп, жылына 1,5 млн теңге үнемдемек

AstanaTV
24.10.2017ж. 20:00
4838
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты баламалы қуат көзін енгізіп, жылына 1,5 млн теңге үнемдемек

Елдегі жоғарғы оқу орындары баламалы энергия көздерін өндіруді қолға алған. Бұған «ЭКСПО-2017» көрмесі тың серпін берген. Бұл туралы бүгін үкімет үйіндегі брифингте университет ректорлары айтты. Көрмеге келген ЖОО-ның өкілдері мен студенттері баламалы энергия өндіру жолдарын зерттей бастаған.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты бүгінде түгелдей бір корпустың алдындағы жарық шамдарын күн энергиясынан қуат алатын шамдарға ауыстырған. Осылайша жылына 1,5 млн теңге үнемдеуге болатын көрінеді. Қарағанды мемлекеттік индустриялды университетінің студенттері мен оқытушылары бүгін бірқатар шетелдік оқу орындарымен қарым-қатынас орнатып, тың жобалар төңірегінде жұмыс атқарып жатса, Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің де тың жобалары бар.

Берік Ахметов, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры:

Альтернативті энергия көздерін пайдалану жолдарын жоғарылату мәселелерін біз талқыладық. Қазіргі кезде біз университет энергиясының 1 пайызын өзіміз өндіріп шығарамыз. Алдағы 3 жылда осы көрсеткішті 10 пайызға көтерсек пе деген бір үлкен талап қойып отырмыз.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ