Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Әлеуметтік желіде балалардың жоғалғаны жайлы ақпарат тарап жатыр

AstanaTV
24.06.2019ж. 20:00
2132
Әлеуметтік желіде балалардың жоғалғаны жайлы ақпарат тарап жатыр

Ал жарылыстан кейін әлеуметтік желіде балалардың жоғалғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Қайырымды жандар босып кеткен кей бүлдіршіндерді жол бойынан алып кеткен көрінеді. Қазір олардың көбі Шымкент, Мойынты, Түркістанда екен. Төтенше жағдайлар комитетінің ақпараты бойынша Арыс қаласындағы "Алтын Тұмар" балабақшасының балалары Шымкент қаласындағы № 87 мектепке орналастырылған. Ал "Алтынқұм" балабақшасының тәрбиеленушілері Назарбеков атындағы №87 орта мектепке жеткізілген. Ата-аналар адасып кеткен бүлдіршіндерді әлеуметтік желілер арқылы іздеп жатыр. Егер суреттегі балалардың жүзі таныс болса, жергілікті төтенше жағдайлар департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Табылған бөбектердің көбі қазір Шымкенттегі Ақмешітте. Жоғалып кеткен балалар саны 200-ге жетуі мүмкін. Бұл туралы арнамызға телефон арқылы сұхбат берген ерікті Назерке Өтебаева мәлімдеді.

Назерке ӨТЕБАЕВА, ЕРІКТІ:

Он жарым кезінен бастап жан-жақтан еріктілер жиналып, жақын маңдағы Шымкент, Сарыағаш жақтардан еріктілер барған машиналарымен барып жол-жөнекей жанағы табылғандарын жылап, ата-анасынан айырылған сол балалардың барлығын алып қайтты. Сағат 6,30-7-лер кезінде 200 баланы Мойынты деген жерден алып келді. Ол туралы ақпарат әзір жоқ ол балалардың. Барлығының ата-аналарын іздеп жатырмыз, суреттерін қойып.

Н. Біләл