Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Арыс қаласындағы жағдайға байланысты жер-жерде қауырт желі іске қосылды

AstanaTV
24.06.2019ж. 20:00
3414
Арыс қаласындағы жағдайға байланысты жер-жерде қауырт желі іске қосылды

Түркістан облысының Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінде «Қауырт желі» іске қосылды. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша қажетті ақпарат алуға болады. Ал Шығыс Қазақстанда қосылған қауыт желіге 13 тұрғын хабарласқан. Қоңыраудың дені сол жақта тұратын Арыс қаласының тұрғындарынан түскен. Халық қай жаққа бару қажеттігін, кім көмектесе алатынын сұраған. 

Анастасия СКЛЯР, ШҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Толқып аптыққан әйел адам хабарласты. Арыста оның ата-анасы тұрады екен. Демалысқа сол жаққа он жастағы баласын жіберген көрінеді. Солардың жағдайына қатты уайымдаған әйелге алғашқы психологиялық көмек көрсеттік. Әйелді тынышталдырып, жақындарына барлық көмек көрсетіліп жатқанын айттық. Әйел қауіпсіз жерге жеткізілген жақындарымен тілдесуге мүмкіндік алды.

Ақтөбедегі желіге бес қоңырау келіп түскен. Ақтөбеліктер Арыс қаласында сол әскери бөлім маңында тұратын туыстарының жағдайына алаңдаулы. Қазіргі уақытта өз туыстарынан хабар ала алмай отырғандар да бар екен. Мамандардан Арыс қаласынан қауіпсіз жерге шығарылғандардың тізімін алғандар, жолда қалған туыстарына да алаңдаулы.

Көркем МАҚСАТОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАС МАМАНЫ:

Менің қолымда міне тізім бар. Бірақ бір адамның тізімі әлі жоқ. Тізімде тіркелмеген. Өйткені 400 адам автобуста Шымкентке бара жатыр екен. Сондықтан әр сағат сайын бізге ақпарат түсіп отыр. Сол бойынша қарап, сол адамның нөмірін алып қалдық. Ақпарат шығып жатқа звондап айтамыз.

Т. Оспанбаева