Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

7-20-25: бастапқы жарнаны 20%-дан артық құюға болады

AstanaTV
24.06.2019ж. 20:00
1896
7-20-25: бастапқы жарнаны 20%-дан артық құюға болады

7-20-25 бағдарламасымен несие алғысы келгендер бастапқы жарнаны 20 пайыздан артық құя алады. Ұлттық банк жеңілдетілген ипотека шарттарына осындай өзгеріс енгізді. Ақпаратты "Баспана" ипотекалық компаниясының баспасөз қызметі таратты. Өзгеріс 1-ші шілдеден бастап енгізіледі. Бұл қарыз алушылардың несие алуын жеңілдетіп, негізгі қарызды тез өтеуіне мүмкіндік береді. Ал банктер үшін несие тәуекелі төмендейді. Қазір жеңілдетілген бағдарламамен ипотеканы 8 банк беріп жатыр. Ол осыдан бір жыл бұрын бекітілген еді. Осы аралықта 7-20-25-пен несие алғысы келген 8 мың адамнан өтініш түскен. 

Г.Меңдеева