Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Президент айқындаған он міндет Саяси кеңес отырысында талқыланды

AstanaTV
24.06.2019ж. 20:00
1614
Президент айқындаған он міндет Саяси кеңес отырысында талқыланды

Жастар кәсіпкерлігін дамыту, стартап жобаларды қолдау, сапалы білім беру және жұмыспен қамту, қолжетімді баспана мәселесін шешу. «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысында осы және өзгеде өзекті мәселелер көтерілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасында жастарға ерекше мән берілген. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында жастарды оқыту және жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні алты мыңнан астам адам осы бағдарламалар аясында жаңа мамандықты игеріп, жұмысқа орналасқан. Қыркүйек айынан бастап тағы бір мың адамды оқыту шарасы жолға қойылмақ.  

Тахталифум ЕСЕНҒҰЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Жаңа жас кадрларды дайындау. Үш жүз резерв кадрларды дайындап жатыр. Сондықтан мына үкімет жұмысына болса. Мемлекеттік жұмыстарға жастарды көбірек тарту. Жастар креативті талантты, оқыған білімді жастарды тартып, өзімізге сондай салауатты қоғам құрып, отыз алдыңғы қатарлы мемлекет қатарына кіруіміз қажет деп ойлаймыз.

Б. Рахметова