Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Төтенше жағдайлар комитеті Арыстағы өрттің сөндіріле бастағынын хабарлады

AstanaTV
24.06.2019ж. 23:00
3242
Төтенше жағдайлар комитеті Арыстағы өрттің сөндіріле бастағынын хабарлады

Төтенше жағдайлар комитеті Арыстағы өрттің сөндіріле бастағынын хабарлады. Ведомствоның айтуынша, қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндірушілердің 375 жеке құрамы мен 51 техника жұмылдырылған. Бұған дейін жарылыс тоқтамағандықтан апат орнына барып, өртті ауыздықтау қауіпті екені хабарланған еді.

Нұрсұлтан НҰРАХМЕТОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Қала маңында болған жарылыстың кейбір аумақтарын сөндіру басталып кетті. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан құтқарушылар келді. Төтенше жағдайлар комитеті жағдайды қатаң түрде бақылауында ұстайды. Әзірге бар ақпарат осы.

А. Бектас