Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі аясында елдің барлық өңірінде дәстүрлі әуен дәріптелді

AstanaTV
24.06.2019ж. 20:00
2870
«Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі аясында елдің барлық өңірінде дәстүрлі әуен дәріптелді

Күмбірлеген күй, жауһар жыр, әуелеген әуен. «Nur Otan» партиясы ұйымдастырған «Ұлы даланың көне сарындары» музыка фестивалі Қазақстанның барлық өңірін қамтыды. Ұлттық мәдениетімізді кеңінен насихаттауға бағытталған игі шара Ақтаудағы Абай атындағы мәдениет сарайында өтті. Өнерсүйер қауым қазақтың әсерлі әнін, күмбірлеген күйін, жауһар жырын, терең мағыналы термесін тыңдап, рухани байып қалды. Партиялықтар өскелең ұрпақ төл өнерімізді туған өлке тарихының бір бөлшегі ретінде есте сақтауы керек деп санайды.  

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Маңғыстау өлкесі батыс әуенімен ерекшеленеді. Бұл жақта күйшілер мен термешілер мектебі көп. Жас ұрпақтың жадына жыр құятын жыраулар көп. «NUR OTAN» партиясы ұлы даланың көне сарындарын сақтап қалуға және оны дамытуға сүбелі үлес қосуды мақсат тұтады.

Сыр өңірі – жыр өңірі. Жыраулар мекеніне елге есімдері мәшһүр өнер майталмандарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов бастап келді. Асқар Тоқмағанбетов атынағы мәдениет ордасын Ерлан Рысқали, Жәкен Омаров және өзге де өрелі өнерпаздар әнге бөледі. Билік партиясының 20 жылдығына арналған игі бастама Абай елінен бастау алып, елдің барлық өңірінде жалғасын тапты. Ұлттық өнер фестивалі Талдықорған жерінде тәмамдалды.

Ержан БАЙТІЛЕС, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық фольклорімізді насихаттау турасында айтылады. Осы тапсырмаға сәйкес Nur Otan партиясының 20 жылдығына орай, сонымен қатар ұлттық өнерімізді ұлықтап, қазақы халықтық қалпымызды таныту мақсатында Nur Otan партиясының бастамасымен «Ұлы даланың көне сарындары» атты өнер фестивалі бастауын алды. Бұл көш керуен десек те болады.

Т. Оспанбаева