Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам мерт болды

AstanaTV
26.06.2019ж. 20:00
2130
Ақтөбеде жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам мерт болды

Ақтөбенің іргесінде «КамАЗ» жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам мерт болды. «Ақтөбе-Орск» тас жолында болған жол апатынан екі көліктің де тас талқаны шыққан. Автобус жолаушыларының бірі сол жерде көз жұмды, жарақат алған тағы 12 адам ауруханаға жеткізіліпті. Олардың жағдайы тексеріліп, 9 адам үйіне жіберілген. Қалғандары дәрігерлер бақылауында. Дегенмен бір жолаушының жағдайы өте ауыр, дейді мамандар. 

Азамат ТҰРЫШЕВ,  ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Басынан жарақат алып, қабырғасы бірнеше жерден сынған 63 жастағы әйел адам қазір бөлімшеге жатқызылды. Қазір оның жағдайы орташа ауыр күйде, тиісті ем-домын алып жатыр.

Осы жол көлік оқиғасы бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Тиісті шаралар жүргізілгеннен кейін апаттың себепкері кім екендігі анықталмақ. 

Ерболат САРҚҰЛОВ,  АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталды. Жол апатына қатысты бірнеше сараптама жүргізу тағайындалды.