Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанайлық ата-аналар бастауыш мектепті басқа жаққа көшіруге қарсы

AstanaTV
26.06.2019ж. 20:00
2245
Қостанайлық ата-аналар бастауыш мектепті басқа жаққа көшіруге қарсы

Қостанай билігі қала орталығындағы бастауыш мектепті басқа жаққа көшіргелі отыр. Гимназия ғимаратын балабақшаға айналдырмақ. Ал ата-аналар қауымы шенеуніктердің шешіміне түбегейлі қарсы. Қала әкімі Қайрат Ахметов білім ордасында ата-аналармен кездесу өткізді. Тараптарды Заңғар Санай тыңдады.

Қаладағы №24 мектеп-гимназияда алты жүзге тарта бала оқиды. Шаһар билігі жиырма жылдан астам тарихы бар бастауыш мектепті бұрынғы кәсіптік-техникалық колледждің ғимаратына көшіруге шешім қабылдағалы отыр. Ата-аналар түбегейлі қарсы. Айтуларынша, қала шетіне қатынау қиын.  

Мейрам ОСПАНОВ, АТА-АНА:

Түбегейлі барлық ата-аналар бірауыздан осы мектептің жабылуына, осы мектептің ауысуына қарсымыз. Неге анау артында складской орналасқан жан-жағында мысалы қылмыс жасауға дайын тұратын ауданға апарып біздің қазақтың балаларын оқыту керек.

Мектепті көшіруге ұстаздар қауымы да наразы. Олар оқу ордасындағы оқушыларынан айрылып қаламыз деп отыр. Өйткені шалғай ауданға барғысы келмейтін көпшілік баласын орталықтағы орыс сыныптарына беруге мәжбүр дейді. 

Қымбат СҰЛТАНОВА, №24 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ МҰҒАЛІМІ: 

Бүгіннен бастап ата-аналар құжаттарын алып кетіп жатыр. Естіп. Өйткені олар орыс мектебіне барады. Орыс мектебін жарылқап жатырмыз қазақ балаларымен.

Қала әкімі Қайрат Ахметов қазір балабақшаның жетіспеушілігі өткір мәселе екенін алға тартты. Сондықтан орталықта орналасқан гимназияны мектепке дейінгі мекемеге бейімдеп, қайта жабдықтау үшін қазынадан 100-150 миллион теңге жұмсалмақ. 

Қайрат АХМЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ең негізгі мәселе ағайын, сіздер былай түсініңіздер мына ұжымды мінекей бөлек үлкен шаңыраққа шығару. Міне осы ұжымды, осы мұғалімдермен осы балалармен тоғыз жүз алпыс орындық жерге көшіру.

Билік пен екінші тарап бір шешімге келе алмады. Ата-аналар мен мұғалімдердің ендігі үміті аймақ басшылығында. Олар облыс әкіміне хат жазып, мәселені шешіп беруді сұрады.     

З. Санай