$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Арысқа 340 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді

AstanaTV
26.06.2019ж. 20:00
1929
Арысқа 340 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді

Жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарының бүгінгі жай-күйімен "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев танысты. Ол елді сабырға шақырып, гуманитарлық көмектің ертең де келетінін айтты. 

- Халық өзінің бірлігін көрсетіп жатыр. Біз енді қашан да бірлікті ту еткен халықпыз ғой, соны көрсетіп жатырмыз. Облыстардан көмек келіп жатыр. Бүгін де келеді, ертең де көмек келеді. Сіздерге таратып береміз соның бәрін.

Қазіргі таңда елдің барлық өңірінен Арысқа қарай гуманитарлық көмектер ағылып келіп жатқаны белгілі. Мәулен Әшімбаев осы істе «Nur Otan» партиясы да белсенді әрекет етіп жатыр. деді. Қала іргесіндегі логистикалық орталыққа дәл қазір 340 тоннаға жуық азық-түлік, киім-кешек, тағы басқа қажетті заттар жеткізілген. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жалпы осы жұмыстар әрі қарай да жалғасатын болады. Біздің партиямыз жалпы қазақстандықтардың тарапынан осындай көмектерді көрсету жұмысына мұрындық болып, әрі қарай біз жұмыстарды ұйымдастырамыз. Алдағы уақытта құрылыс материалдарын жеткізіп беруге, басқа да.

Мәулен Әшімбаев Ордабасы ауданына орналасқан жедел штабта да болып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Бұл жерде апаттың зардаптарын жою жұмыстары күшейтілген. 

А. Төребекқызы