Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

"Шымкентте жойқын бомба жарылады" деп жалған ақпарат таратқан екі әйел ұсталды

AstanaTV
27.06.2019ж. 20:00
2523
"Шымкентте жойқын бомба жарылады" деп жалған ақпарат таратқан екі әйел ұсталды

Шымкентте жойқын бомба жарылады деп жалған ақпарат таратқан екі әйел ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Айта кетсек бұл соңғы тәулікте тіркелген үшінші жағдай. Кеше «Арыста үлкен бомба жарылып, Шымкетке де жетеді» деп елді дүрліктірген әйел ұсталған. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Нұрділда ОРАЗ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ :

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 274-бабының 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ІІМ тұрғындарды әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджілер арқылы таратыл жалған ақпараттарға сенбеулерін және үрейге бой алдырмауын сұраймын.   

Ә. ӨМІРЗАҚ