Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстандықтар банктерден 3,5 трлн теңге несие алған

AstanaTV
27.06.2019ж. 20:00
1653
Қазақстандықтар банктерден 3,5 трлн теңге несие алған

Қазақстандықтар банктерден 3,5 трлн теңге тұтынушылық несие алған. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 240 млрд теңгеге көп. Ақпаратты LS порталы Ұлттық Банкке сілтеме жасай отырып хабарлады. Халықтың банктерге ұзақ мерзімді қарызы шетел валютасымен 44,8 млрд теңгені құрайды. Ал қысқа мерзімді кредиттер 146,8 млрд теңге. Бұл шетелдік валютамен 3,1 млрд теңгеге шықты. Маусымның басында берілген қарыздар бойынша Алматы көш басында. Мұнда азаматтар 1,3 трлн теңгеден аса кредит алған. Ал банктерге 293,3 млрд теңге қарызы бар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары екінші орында тұр. Тізімде бұдан кейін Шымкент пен Қарағанды. Ал Солтүстік Қазақстан мен Түркістанда қаржы рәсімдегендер саны азырақ. 

А. Бектас