$448.72 €493.86 ₽5.49

Қызылордалық жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Қызылордалық жүргізуші 15 тәулікке қамалды
Polisia.kz

Жүргізу құқығынан айырылса да, рөлге отырған

Қызылорда қаласында патрульдік полиция қызметкерлері көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан рөлге отырған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Astana TV. 

Тексеру барысында азаматтың көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, ол заң талаптарын елемей, қайтадан көлік тізгініне отырған. Сот шешімімен құқық бұзушыға 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Ал автокөлік айып тұрағына қойылды.

Полиция жүргізу құқығынан айырылған азаматтардың қайтадан көлік басқаруы жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертеді. Осыған байланысты жүргізушілерді заң талаптарын сақтап, жолда жауапкершілік танытуға шақырады.