Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырауда жаңа радиотаратқыш іске қосылды

AstanaTV
27.06.2019ж. 20:00
2946
Атырауда жаңа радиотаратқыш іске қосылды

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Атырау радиосы жаңа студияны ашты. Оған қоса жаңадан, заманға сай радиотаратқышты ең биік мұнараға орнатты. Енді кеңейтілген диапозондағы радио дауысы 60 шақырым радиусқа жетеді. Тағы бір жаңалық - ол жапсарлас салынған жаңа ғимараттың ашылуы. Дәл осы жерде жаңа студиядан хабар тарамақ. Сондай-ақ, радио эфирді үйде отырып, көкжәшіктен де тамашалуға мүмкіндік бар. Жаңа форматта тұсауы кесілген телерадиохабар «Efirde 102.0 FM» деп аталады. Мұнан бөлек, аймақтағы телерадиокомпанияны ұзақ жылдар басқарған қарымды қаламгер Айтқали Нұрғалиевтың атына берілген аудитория да осы ғимаратта. 

Қанат ӘУЕСБАЙ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК АҚ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

«Эфирге 102 FM» деген хабардың тұсауын кесіп, оның алғашқы санын мына Арыста болған қайғылы жағдайға байланысты арнап отырмыз. Х. Досмұхамедов университетімен бірлескен жобаның тұсауын кестік. Оның аясында біздің ардагеріміз осы телеарнада көп жыл бойы телеарнаның уығын қаласып, шаңырағын бекіткен ардагер журналист Айтқали Құмарғалиұлы атындағы медиааудиоторияны ашып отырмыз.

Б. Нәдірқызы