$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Халықтың несие бойынша қарызын өтеп беру экономикаға әсер етпейді - экономист

AstanaTV
27.06.2019ж. 20:00
2275
Халықтың несие бойынша қарызын өтеп беру экономикаға әсер етпейді - экономист

Халықтың несие бойынша қарызын өтеп беру ел экономикасына әсер етпейді. Президент жарлығына қатысты пікір білдірген сарапшылар осылай деп отыр. Бірақ экономикит Меруерт Махмұтова азаматтардың жағдайын тұрақты жақсарту үшін басқа әдіс қажеттігін жеткізді. 

Меруерт МАХМҰТОВА, ЭКОНОМИСТ:

Экономикалық реформаны аяқ астынан осылай бір жарлық бойынша іске қоспай, оны ойланып ұзақ мерзімде экономикамыз тұрақты болатындай іске қосу керек. Әр адам өз басын қалай асырайды соны ойлануы керек. Бюджет арқылы үкімет қарызымды банктің алдында жаба салады, деп әрі қарай барып қаржылана бермейтіндей.

Мұрат ТЕМІРХАНОВ, ЭКОНОМИСТ: 

Шамамен 100 млрд теңге - аса қомақты қаражат емес. Яғни, бұл ел экономикасына айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бюджеттік тұрғыдан аз ғана сома. Бірақ бәрі барып, тұтынушылық несие алмайды ғой. Сондықтан азық-түлік үшін алынған қарыз емес, техника мен басқа да заттарға кеткен қарыз кешіріледі.




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах