Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ресей Қазақстанға "Дружба" құбырынан өтетін мұнайдың ластанғаны үшін өтемақы төлейтін болды

AstanaTV
28.06.2019ж. 20:00
2301
Ресей Қазақстанға "Дружба" құбырынан өтетін мұнайдың ластанғаны үшін өтемақы төлейтін болды

Ресей Қазақстанға "Дружба" құбырынан өтетін мұнайдың ластанғаны үшін өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлап отыр. Алдын ала болжам бойынша өтемақы есебі мұнайдың бір барреліне 15 доллар болып белгіленген. Ал жалпы өтемақы құны 76 млн долларды құрауы мүмкін. Дегенмен Ресейдің "Транснефть" және қазақстандық Қазтрансойл арасында ресми келісімшарт жоқ. Отандық компания Ресей тарапынан тиісті құжаттар күтіп отырғандарын айтады. Ал еліміздің энергетика министрлігі бүлінген мұнайға қатысты өтемақы жайлы ешбір ақпарат жоқ, деді.  

Н. Біләл