Негізгі / Жаңалықтар / Парламент төртінші сессияның жұмысын шілденің 5-не дейін созды

Парламент төртінші сессияның жұмысын шілденің 5-не дейін созды

Депутаттар демалысқа әлі шықпайтын болды. Бүгін қос палатаның бірлескен отырысында төртінші сессияның жұмысын шілденің 5-не дейін созу туралы шешім шығарылды. Парламент алдағы үш жылдыққа арналған республикалық бюджетті қайта қарамақ. Мемлекет қазынасына түзетулер енгізу қажеттілігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жекелеген азаматтардың несиелерін кешіру туралы жарлығынан кейін туындап отыр. Парламент пен Үкімет осы әлеуметтік маңызы бар шараларға белсенді араласуы керек, деді премьер Асқар Мамин. 

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ :

Президент әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтардың борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлыққа қол қойды. Осы қабылданған шешімнің арқасында әлеуметтік тұрмысы төмен азматтарға көмек көрсетіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет халықтың ең өзекті әлеуметтік мәселелерін шұғыл түрде шешу арналған және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында жедел шаралар топтамасын әзірледі

Асқар Мамин бюджетке аталған өзгерістер енгізілсе, жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адам кәсіптік білім алып, жұмысқа орналастынын да жеткізді. Ал жеке бизнес иелеріне ұзақ мерзімді несие беру жағы қарастырылмақ. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж отбасыларға жалдамалы баспаналардың құрылысы екі есе, жастарға берілетін үйлердің құрылысы үш есеге арттырылмақ. Қиын жағдайдағы отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді, деді Үкімет басшысы. 

Д. Қайыртай