Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Жас Отан» жастар қанаты Алматы жастарына әлеуметтік желі мүмкіндігі мен зияны жайлы жиын өткізді

AstanaTV
23.10.2017ж. 20:00
4569
«Жас Отан» жастар қанаты Алматы жастарына әлеуметтік желі мүмкіндігі мен зияны жайлы жиын өткізді

Әлеуметтік желілердің мүмкіндігі мен зиянын жастар қаншалықты айыра алады? Заман талабына бейімделген бүгінгі буынға дұрыс қолдану тетігін қалай үйретеміз? «Жас Отан» жастар қанаты ел азаматтарына осы бағыттағы түсіндірме жұмыстарын бастап кетті. Жыл аяғына жоспарланған жастардың республикалық  4-ші съезі аясында ұйымдастырылған жиынға мегополистегі барлық жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің студенттері шақырылған. Өйткені ғаламтор беттерінде сағаттап отырып, әлеуметтік желілерді жиі пайдаланатындардың дені - жастар, - дейді жасотандықтар. Social Networkers Meet UP шарасына блогерлер мен вайнерлер, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысып, тәжірибелерімен, түйгендерімен бөлісті. Пікір алмасты. Әрі ғаламтор арқылы тарайтын пайдасыз ақпараттар тақырыбын талқыға салды. Оның ішінде суицид пен лаңкестік әрекеттерге жетелейтін жүйесіз үгіттерден барынша аулақ болуға үйрету бізден басталуы қажет деген ұсыныстар да айтылды.

Әйгерім Серікжанова, «Жас Отан» ЖҚ баспасөз қызметінің жетекшісі:

Жастардың сол әлеуметтік желідегі дұрыс ақпаратты, яғни пайдалы ақпаратты пайдасы жоқ ақпараттан айыра алуына ықпал ететін және оны түсіндіретін - біз. Оны қолға алу керек деп есептейміз. Осы мақсатта бүгінгі кездесуді бастама қып алып, өткізіп жатырмыз.