Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен бір бала әлі де хәл үстінде

AstanaTV
01.07.2019ж. 20:00
2449
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен бір бала әлі де хәл үстінде

Арыстағы жарылыс кезінде жарақат алғандардың 34-і әлі де ауруханада. Әртүрлі дене жарақат алғандардың 9-ы бала. Оның ішінде 4 бала облыстық балалар ауруханасында. Облыстың бас дәрігері Мұқан Егізбаевтың мәліметінше, зардап шеккен ересектер арасында жансақтау бөлімінде жатқандары жоқ. Ал елордаға санавияциямен жеткізілген екі бүлдіршіннің біреуі әлі де жансақтау бөлімінде. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр. Әзірге есін жимаған. Жарылыс кезінде екеуі де бас-ми жарақатын алған. 

Біржан ДОСМАИЛОВ, №2-ШІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ :

Екі бала келген бетте бүкіл диагностический ем шараларының барлығын істеткізіп, жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Бір баланың жағдайы жақсарғаннан кейін қазір нейрохирургиялық бөлімшеге ауыстырылды. Екінші бала жансақтандыру бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқан бірінші баланың жағдайы ауыр.  

Еске салайық, 24-маусым күні Түркістан облысының Арыс қаласында әскери қару-жарақ қоймасында жарылыс болып, үш адам қаза тапты. 45 мыңдай тұрғыны бар теміржолшылар шаһарында 7 700 үй бүлінді. Ал 21 баспана толықтай жарамсыз болып қалды.  

Н. Біләл