Түркістан облысының әкімі қарамағындағы қызметкерлерді сөгіп тастады. Арыстағы аппарат отырысының бейнежазбасымен әкім кеңесшісі Facebook-те бөліскен. Өмірзақ Шөкеев уақытында әрекет етпеген жауаптылардың жұмысын қатаң сынға алды. Қазір қираған қала 17 секторға бөлінген. Әрқайсысына облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары жауап береді. Бірақ, Арыстағы жағдай қаралған жиында бұл шенеуніктер бой көрсетпеді.
Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Штаб құрылғанша сол жерде отырасыңдар. Егер де ескерту түсетін болса жұмысқа, ауданның әкімі сол жерге отыратын болады. Егер де орынбасарларың бұл іспен айналыса алмаса? Не бұл штаб деген?! Штаб деген дұрыстап бөлме алу керек. 5-6 компьютерді әкелу керек ауданнан. Соны ұйымдастыра алмаймыз, қанша күн болды, соны ұйымдастыра алмаймыз!
А. Бектас