$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Ресей ластанған мұнай үшін өтемақыны 2 айдан соң төлемек

AstanaTV
01.07.2019ж. 20:00
2267
Ресей ластанған мұнай үшін өтемақыны 2 айдан соң төлемек

Ресей ластанған мұнай үшін Қазақстанға өтемақыны 2 айдан соң төлемек. Бірақ жарамсыз қара алтынның қаншаға бағаланғаны әзірге белгісіз. Арнамызға сұхбат берген «Қазтрансойл» АҚ бас директоры осылай деп мәлідеді. Димаш Досанов тараптармен келісім жобасы жүріп жатқанын жеткізді. Ортақ мәмілеге келіп, төлем құны егжей-тегжейлі есептелген соң өтемақынының нақты сомасы жария етілмек. Әзірге бүлінген мұнай үшін берілетін қаражат құны белгісіз. Айта кетейік, Қазақстан мұнайдың хлорорганикамен ластану проблемасына алғаш рет тап болып отыр. 

Димаш ДОСАНОВ, «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бастысы «Транснефтьпен» арады өтемақы төленуі қажет деген түсінік бар. Қазір шығын көлемі мен оған берілетін ақша есептеліп жатыр. Содан кейін біз екіжақты, үшжақты келісім жобасын күтіп отырмыз. Әзірге жаздың соңына дейін бұл мәселе шешіледі деп үміттенеміз. 

Еске салайық, Рейтерс "Дружба" құбырынан өтетін мұнайдың ластанғаны үшін Ресей Қазақстанға 76 млн доллар өтемақы төлеуі мүмкін деп жазған. Алдын ала болжам бойынша қара алтынның бір баррелі 15 доллар болып белгіленген. Бірақ "Транснефть" және «Қазтрансойл» арасында ресми келісімшарт жоқ екенін айтқанбыз.  

А. Бектас