Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Франция, Германия және Ұлыбритания Иранмен қаржылық есеп айырысу механизмін іске қосты

AstanaTV
01.07.2019ж. 20:00
1852
Франция, Германия және Ұлыбритания Иранмен қаржылық есеп айырысу механизмін іске қосты

Франция, Германия және Ұлыбритания Иранмен қаржылық есеп айырысу механизмін іске қосты. Еуропа елдері америкалық санкцияларға қарамастан, осындай қадамға барып отыр. Қазірдің өзінде бірнеше қаржылық аударым сәтті жүзеге асты. Жаңа механизмге Еуропаның өзге де мемлекеттері қосылуға ниетті. Осылайша Иранмен заңды түрде сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік болады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Жақында ресми Тегеран ядролық келісім жөніндегі бірлескен келісімнің күші жойылса да, ядролық қару жасамайтынын мәлімдеді. Дегенмен уранды толық көлемде байыту ісінен бас тартпайтынын яғни, ғылыми мақсатта өндіріс жалғаса беретінін хабарлады. Ал АҚШ бұлай болған жағдайда Иранға қарсы санкцияларды ойлап табатынын ресми түрде мәлімдеді.

Аббас МУСАВИ, ИРАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

АҚШ бұл санкциялардың қажеті жоқ екенін түсінуі керек. Біз өз тарапымыздан экономикамыздың дамуы үшін қолымыздан келгенін істейміз. Қазіргі уақытта АҚШ-тың ресми әріптестері яғни Париж, Берлин және Лондон бұл текетірестің мәнсіз екенін түсініп отыр.

Н. Біләл