$498.34 €519.72 ₽4.85
×

2025 жылға қарай «Қорғас-Шығыс қақпасында» 421 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

AstanaTV
01.07.2019ж. 20:00
1927
2025 жылға қарай «Қорғас-Шығыс қақпасында» 421 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

2025 жылға қарай «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында құны 421 миллиард теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Қорының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың Алматы облысына жұмыс сапарымен барғанда белгілі болды. Қор басшысы «Хоргос» көліктік-логистикалық хаб аумағында орналасқан жалпы көлемі 3 010 шаршы метр болатын «Қазпоштаның» кеден қоймасымен танысты. Қойма әуемен жеткізу мерзімін 2-3 күнге, ал көлікпен жеткізуді 7-12 күнге дейін қысқартты. Сондай-ақ пошта операторына серіктестер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, серіктес атанған қытайлық логистикалық компаниялар осы жылы Қазақстан арқылы 400 тоннадан астам тауар жіберуге дайын екендіктерін жеткізді. Транзиттік жүктерді өңдеуге арналған қойманың өндірістік қуаттылыға тәулігіне 15-20 тонна, ал сыйымдылығы 58 тоннаны құрайды. Сондай-ақ, Қор басшысы Құрғақ порт пен «Заря Ltd» ЖШС астық терминалына барды. «Құрғақ порттың» арқасында трансконтинентальды контейнерлік жүк ағынының көлемі өсіп отыр. Өткен жылдың өзінде өңделген контейнерлер саны 133 мыңнан асты, ал бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 19 пайызға артық. Ал қараша айында іске қосылған астық терминалында екі жарым тонна жүгері өңделді. Оның басым бөлігі Өзбекстанға экспортталған.

Ибрагим МАНАБАЕВ, «KTZE-KHORGOS GATEWAY" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бүгін біз таңертең контейнерлік пойызды, Қазақстан бойынша құрама пойызды тиеуді аяқтадық. Ал екінші жолда Еуропаға кететін жүкті арттық. Қазіргі таңда Ақтау портына контейнерлік пойыз тиеліп жатыр. Мұндағы 40 контейнер Иранға және Түркияға 26-сы жөнелтіледі.

Ә. Өмірзақ