Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елде 100 компанияның 10-ы ғана қор нарығына шығуға дайын – сарапшылар

AstanaTV
01.07.2019ж. 20:00
1420
Елде 100 компанияның 10-ы ғана қор нарығына шығуға дайын – сарапшылар

Елде 100 компанияның 10-ы ғана IPO-ға шығуға дайын. Екінші рет өтіп жатқан Astana Finance Days халықаралық конференциясында осындай пікір айтылды. «Кез келген компанияға қор нарығы арқылы инвестиция тарту үшін кемінде үш жыл қажет», дейді сарапшылар. Ал ұйымның өзінде мәліметтер жасырын болмауы тиіс. Жария нарыққа шығудың қыр-сырын бүгін республика өңірлерінен келген 20 кәсіпорынның өкілі Ұлыбритания, Австралия, Франция және Италиядан шақырылған сарапшыларынан естіді. Тренингтер мен воркшоптарға қатысқан компаниялар қыркүйектен бастап халықаралық стандарттарды енгізгелі отыр.

Ернұр РЫСМАҒАМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Проектерге инвестиция қажет, бірінші жағынан. Екінші жағынан, инвесторлар бар проект іздеп жүрген. Сол инвесторлер мен проектерді қарасақ, көптеген проектер әлі жетілмеген. Олар халықаралық деңгейдегі проектілерге жетуі керек. Сол проектілерді қалай халықаралық деңгейге жеткізуге болады? Қалай халықаралық инвесторларды шақырып, өз проектіңе жұмыс істеуге болады. Сол туралы тренинг өтіп жатыр.

Д. Қайыртай