«Nur Otan» партиясының «Заңгерлік көмек» жобасы жұмысын жалғастырып жатыр. Мақсат – халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғаларға өтеусіз негізде кешенді заң көмегін көрсету. Жоба іске асқалы бері мыңнан астам азамат кәсіби заңгерлер кеңесін алған. Ал 200-ге жуық шағымданушының соттарда, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда мүделлері қорғалған. Тегін заңгерлік көмекке бас партияның қалалық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдауда жүгінуге болады.
Әбдікәрім МАҒЖАНОВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАҢГЕРЛЕР ОДАҒЫ» ҚБ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ:
«Nur Otan» басшыларымен ақылдасып, республика бойынша осы жұмысты көтерейік дедік. Сондықтан бүгінгі күні 5 айдың қортындысы бойынша барлық 16-17 облыста біздің заңгер қызметкерлер осы пробоно жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр.