Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Арыс қаласының аумағынан әлі де жарылғыш заттар табылуы мүмкін - В.Беккер

AstanaTV
02.07.2019ж. 20:00
2258
Арыс қаласының аумағынан әлі де жарылғыш заттар табылуы мүмкін - В.Беккер

Арыс қаласының аумағынан тағы да жарылғыш құрылғылар табылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты. Тұрғындар бүтін снаряд не жарықшақ кезіктірген жағдайда бірден 102 нөміріне қоңырау шалуы керек. Осы уақытқа дейін саперлер қаладан 11 мыңнан астам ату жарақтарының қалдығын шығарыпты.

Владимир БЕККЕР ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ :

Снарядтар мен жарықшақтар кез келген жерде жатуы мүмкін. Қала аумағы үлкен. Біз арыстықтарды үйлеріне көшірген кезде арнайы жадынама тараттық. Егер қандай да бір жарылғыш құрылғы көрсе, бізге хабарлассын деп. Содан бері қосымша 300 шақты қоңырау түсті. Мұндай жағдайлар алда әлі бірнеше жыл бойы кездесуі ықтимал. Айталық, жыл сайын ел аумағынан 1000-нан астам оқ-дәрі табылып жатады.

Владимир Беккер қираған ғимараттарды қалпына келтіру үшін 20 млрд теңгедей қажет екенін де айтты. Ал бүгін Үкімет резерві үшін бөлінетін 73 млрдқа жуық қаражаттың бір бөлігі осы Арыс қаласын қалпына келтіру үшін жұмсалатыны белгілі болды. Ал жергілікті кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге 1 пайыздық жеңілдетілген несие берілмек. 

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ :

Арыс қаласындағы кәсіпкерлерге, олардың саны 3 мыңға жуық. Соларға 5 млн-ға дейін несие беруді 1 процентпен... Ол субсидияланатын несие болады. Банктер береді. Ал Даму оны субсидиялайды. "Бәйтеректен" 300 млн тг бөлінеді және жергілікті атқарушы органның бюджетінен 200 млн тг бөлінеді. 

Д. Қайыртай