$462.36 €493.48 ₽5.99
×

ОПЕК+ келісімін ұзарту Қазақстан жоспарына әсер етпейді

AstanaTV
02.07.2019ж. 20:00
1389
ОПЕК+ келісімін ұзарту Қазақстан жоспарына әсер етпейді

ОПЕК+ келісімін ұзарту Қазақстан жоспарына әсер етпейді. Бүгін Энергетика вице-министрі журналистерге берген сұхбатында осылай деді. Бұған дейін Сауд Арабиясының королімен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев келісімді жалғастыру бастамасын қолдайтынын мәлімдеді. ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісін қысқартуды 9 айға созу туралы шешім шығарды. Оны ОПЕК-ке мүше емес елдер де 3-ші шілдеге дейін мақұлдауы тиіс. Көбі қолдап үлгерген. Еске салайық, ОПЕК ұйымына мүше елдер мен мұнай шығарушы тағы бірқатар ел қара алтын бағасы төмендеп кетпес үшін биылғы жартыжылдықта мұнай өндірісін қысқартуға келіскен болатын.

Халед АЛЬ-ФАЛЕХ, САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ :

Келісімді 9 айға созу нақты және мықты шешім. Мен келісімге сай сай әр елдің жеке міндеттемелерін естідім. Бірінші жартыжылдықтағы мәміленің орындалуын ескерсек, екінші жартыжылдықтағы келісім одан да жақсы болады деген сенім бар.

Г. Меңдеева



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах