Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тұрғындар ескі құбырдан лас су аққанын айтып дабыл қақты

AstanaTV
02.07.2019ж. 20:00
2279
Тұрғындар ескі құбырдан лас су аққанын айтып дабыл қақты

Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы тұрғындар «Голубой залив» демалыс үйіне тиесілі ескі құбырдан лас су аққанын айтып дабыл қақты. Жұрт облыстық экология департаментіне, аудан әкімі мен прокуратураға да хат жазыпты. Ал сөздері дәлелді болу үшін бейнетаспаға да түсіріп алған. 

- Могу зафиксировать течь канализационных отходов прямо в Бухтарминское водохранилище. Сантехник Голубого залива накрыл этот все тряпочкой, чтобы не бросалось в глаза. 

Бұқтырманы бойлай салынған демалыс базалары мен балалар лагерьлері бұл жақта жетерлік. Жаз кезінде бұл жерде тынығушылардың қатары жүз мыңнан асады. Жергілікті биліктегілер кәріз сулары ағатын ескі құбырларды алып тастауды әлдеқашан тапсырған. Бірақ әлі күнге пайдаланылып отырғандарын айтады. Түсірілген бейнеде құбырдың тесіктері ағаш тығындарымен жамалғанын көру қиын емес. Алайда ол да тоқтау болар емес. 

Марат КӘРІБАЕВ, ЖАҢА БҰҚТЫРМА АУЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұқтырма суқоймасының жағалауындағы жағдай туралы хабар түсті. Біз аудан басшылығын хабардар қылдық, олар өз кезегінде экология департаментіне айтты. Қазір осы жағдайды анықтайтын комиссияны күтіп отырмыз. Бұл құбырлар «Голубой залив» демалыс базасына тиесілі болуы мүмкін. Санитарлық құбырлар алынып тасталуы тиіс, бірақ бұл жұмыс орындалмаған.

Ал «Голубой Залив» демалыс үйінің басшылығы тазарту қондырғыларында ешқандай апат тіркелмегені туралы актіні көрсетті. Экология Департаменті де бұл оқиға туралы тіс жармады. Судың сынамасы зертханада тексерілген соң белгілі болатынын жеткізді. Қазір бұл іспен табиғат қорғау прокуратурасы айналысып жатыр.  

Е. Карин