$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде өзен арнасын кеңейтумен айналысқан мердігер мекемелер қоршаған ортаға зиян келтірген

AstanaTV
02.07.2019ж. 20:00
2864
Ақтөбеде өзен арнасын кеңейтумен айналысқан мердігер мекемелер қоршаған ортаға зиян келтірген

Ақтөбеде 8 өзеннің жағасын кеңейткен мердігер мекемелер экологтардан рұқсат алмаған. Енді олар ауаға шаң көтергені үшін 120 миллион теңге айыппұл төлемек. Бұл туралы экологтар хабарлады. 

Ерболат ҚОЖЫҚОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жұмыстар жүргізген уақытта жер жұмыстары, спецтехника жұмыстары істелген кезде шаңдату болады. Оың бәрі қоршаған ортаға шығандары болып есептеледі. Солар үшін айыппұл саламыз. Мердігер мекемеге 50 АЕК айыппұл саламыз. 

Прокурорлар олқылықтар бұдан да көп болуы мүмкін деп отыр. Енді бұл жағдайға қатысты облыстық әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылмақ. Айта кетейік, биыл Ақтөбедегі сегіз өзеннің арнасын кеңейту жұмыстары басталды. Мемлекеттік тапсырысты төрт бірдей өзге облыстың мекемесі ұтып алған. Оған алты жарым миллиардтан астам қаражат бөлінген. 

Б. Рахметова