$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Б.Байбек сайлау науқанына белсене қатысқан партия мүшелерін марапаттады

AstanaTV
02.07.2019ж. 20:00
3077
Б.Байбек сайлау науқанына белсене қатысқан партия мүшелерін марапаттады

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сайлау науқанына белсене ат салысқан азаматтарды марапаттады. Республикалық қоғамдық штабтың мүшелеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты табысталды. Штабтың төрағасы Мәулен Әшімбаев "саяси доданың тартысты өтуі партиялықтардың жетістігі" деді. Бауыржан Байбек болса, сайлау әділ өткенін атап өтті. 

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сіздердің алдарыңызда тұрғаныма қуаныштымын. Негізінде сайлау науқаны саяси дода аяқталғаннан кейін басталады деп айтады. Шынында да жеңіске жеткен кандидаттың және оның жақтастарының жұмысы әлі алда. Бұл залда отырғандар ең мықты адамдар. Сіздер өз күш-қуаттарыңызды біздің партияға беріп отырсыздар.