Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мамыр айынан бері елдегі теміржолда 300-ден астам ақау табылған

AstanaTV
02.07.2019ж. 20:00
2292
Мамыр айынан бері елдегі теміржолда 300-ден астам ақау табылған

Мамыр айынан бері теміржолда 300-ден астам ақау табылған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілі айтты.  Дегенмен Ресейден алдыртқан «Мобильді диагностикалық кешендердің» арқасында кемшілік дер кезінде анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ол рельстегі кінәратты, пойыз жолының тегістігін анықтап, ақпаратты базаға енгізіп отырады. Бір айда барлық темір жолды екі рет тексеріп өтуге мүмкіндік бар. Оны небәрі 9 адам басқарады. 

Аслан АҚАШОВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «ЖОЛ ДИАГНОСТИКА ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРКТОРЫ :

Әрине, ол деффекті әрі қарай сол жолда жата беретін болса, пойыздар жүре беретін болса, апаттық жағдайға алып келуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі диагностика сол апаттық жағдай болмауы үшін дер кезінде сол деффектілерді табуы қажет. Сондықтан мұндай комплекстердің қажеті бар.  

Ә. Өмірзақ