Негізгі / Жаңалықтар / Арыстағы жарылысқа лауазымды қызметкерлердің салғырттығы себеп болуы мүмкін

Арыстағы жарылысқа лауазымды қызметкерлердің салғырттығы себеп болуы мүмкін

Арыстағы жарылысқа лауазымды қызметкерлердің салғырттығы себеп болуы мүмкін. Бүгін Бас әскери прокуратура төтенше жағдайға қатысты бірнеше болжам айтты. Тексеріс кезінде 100 адамнан сұрау алынған. Бірақ әзірге нақты күдіктілер анықталмай отыр. Іс Бас прокурордың бақылауында. Қылмыстық істің қиындығына байланысты тергеп-тексеру ұзаққа созылуы мүмкін. Тергеу тобына Ішкі істер министрлігінің тәжірибелі мамандарынан бөлек, әскерилер де кірген. 

Еркін ҚОЖА-АХМЕТ, ҚР БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, лауазымды тұлғалардың салғырттығы сияқты нұсқалар зерттелуде. Оқ-дәрілер сақталатын қоймалардың қауіпсіздігін сақтауға бөлінген бюджеттік қаражаттың ұтымды пайдаланылуы, жарылғыш заттардың дұрыс жиналуы тексерілуде. Қоймаларда анықталған бұзушылықтардың уақтылы жойылғаны, ал жоймаған болса, әскери қызметшілердің әрекетсіздігі жайлы іс қаралады. Тергеу кезінде жауапты тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Н. Біләл