Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Шымкентте газбен жүретін көліктердің ақауы жиілеген

AstanaTV
03.07.2019ж. 20:00
2383
Шымкентте газбен жүретін көліктердің ақауы жиілеген

Шымкентте көлік жөндейтін орындарда жұмыс қызып тұр. Арзан отынға қызыққан көлік иелері, қазір техникалық қызмет көрсететін орындардын шықпайтын болған. Көлік жөндеудің шеберлері проблеманы сапасыз отыннан көреді. Аймақтағы әріптесім Айзада Төребекқызы тақырыпты толықтырады.

- Алған кезде тамаша еді, өте жақсы еді... 

Еркін Тілеубаев тақымындағы темір тұлпарын 2 апта бұрын ғана сатып алған. Оның лезде бұзылып қалуын газбен байланыстырады. Фильтрі толып қалыпты. Көлігін Әрі арзан, әрі қоршаған ортаға да зиян тимейтінін ойлап, газ қондырған. Небәрі мың шақырымдай жол жүрген тұлпарын шеберге көрсетпеуге мәжбүр болғанын айтады.    

Еркін ТІЛЕУБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Газбен жүретін датчиктерін ауыстырып жіберіп жатыр да бензинге. Сосын көрсеткен едік фильтрі толып қалған екен. Бұл білмеймін, газдың сапасыздығы ма немесе оның құрамында мусор көп болғандықтан ба сондай...фильтр толып қап жатырда..-мастерлер не деп жатыр? -Мастер тек соны ауыстырды. Пока енді жүрген соң көреміз.

Көлік жөндеу орынына көмек сұрап келушілер қатары аз емес. Бір айда үш рет жүгінгендер бар екен. Тек көбі мұны камераға айтқысы келмейді. Біз бас сұққан орындағы шебердің сөзінше соңғы 1,5-2 жылда күніне екі-үш адам жүгінсе, қазір бірден оншақты көлік иесі осындай шағым айтатын болған. 

- Вот в основном клиенты приезжают из-за чего. Вот это газовый клапан. Он непосредственно находится на редукторе. И вот такой смолой он забивается. Вот видите - черный. Хотя он должен блестеть. Это изделие металлическое. 

Шебер Руслан Мамадалиев соңғы кезде ақаудың жиі шығуының бір себебі отын сапасында болар деп топшылайды. Соған қарамастан көлікке газ қондырғысы келетіндер де аз емес деді.   

 Руслан МАМАДАЛИЕВ, ШЕБЕР:

Бірінші мәселе редуктордағы газ клапандарында. Екінші кезекте редуктордың өзі ұдайы бітеліп қалады. Қазіргі келген клиенттің де редукторын тазалап отырмыз, қоқыс толып қалған. Кейде газ форсункалары не бітеліп, не отынды шығарып жібереді. Бір көліктің ақауын жөндеп, алмастырып беру шамамен 10-15 мың теңге тұрады еңбегімізді қосқанда. Өйткені редуктордың іші түгелдей дерлік резеңке болатындықтан жаңасын алмастыруға тура келеді.

- Бар кінә газдың сапасында дегенді әлеуметтік желілерде тараған мынадай бейнежазба иелерінің сөзінен аңғаруға болады.  

Алайда, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі телефон арқылы берген сұқбатында, өздерінде шығатын газдың автокөлікке арналмағанын айтты. Сығымдалған газ тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған. Өңірдегі жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы да автокөлікке құюға арналған газ бізде шықпайтынын кесіп айтты.  

Қайыпбек ҚАМБАРОВ, ӨҢІРЛІК ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Тікелей автомобиль деп шығарылмайды зауыттардан. Өздеріңіз білесіздер осы біздің мемлекетімізде егер үш зауыттың барлығы шығаратын коммуналдық-тұрмыстық арналған газ боп саналады. Ал енді кейбір көп жанармай бекеттеріндегі газды сатушыларда да ешқандай менің ойымша қазіргі таңға ешқандай оның сапасына немесе оның тығыздығына ешқандай баға бере алмайды. Неге десеңіз ондай тікелей ондай нені көріп тұрған жоқпын мен, лобораториялық сондай бір лабораториялық цехтар немесе соны анықтайтын бір лабораториялар.

Көліктің түгелдей газбен жүруі оның тез бұзылуына әкеледі. Жанар-жағармай қауымдастығы төрағасының айтуынша, мәселенің өзекті болуы да осыдан деп отыр.  

А. Төребекқызы