Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзын-сонар кезек қашан шешіледі?

AstanaTV
03.07.2019ж. 20:00
2589
Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзын-сонар кезек қашан шешіледі?

Қазақстандық көлік жүргізушілері үш күннен бері халыққа қызмет көрсету орталықтарында сабылып жүр. Олар көлігін тіркетіп, жүргізуші куәлігін ала алмай сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Ішкі істер министрлігінің 1-шілдеден бастап енгізген жаңа электронды бағдарламасы жұртты әуреге салған. Тілші тарқатады.

Ерсұлтан Ерназарұлы жаңа көлігін тіркеуден алып тастауы керек. Алайда орталықтағы қызметкерлер құжатын қабылдап алғанымен, бірден қайтарып берген.  

Ерсұлтан ЕРНАЗАРҰЛЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Автоцонда жүргенімізге 3 күннен көп уақыт өтті. Күнде келіп отырамыз. Үш күннен астам уақытта база жұмыс істемейді құжаттарды қайтарып береді.

Таңнан бері орталықта сабылып жүргендердің қарасы көп. Бірі көлігін тіркетуге, енді бірі жүргізуші куәлігін ауыстыруға келген. Шыдамы таусылғандар орталық қызметкерлеріне дауыс көтеріп жатты.   

- Что толку, что принимаете, принимаете до 8, потом отказ даете и все возвращаете! Если надоело, не работай тогда, дорогая. 

- Олар неге алдын-ала базасын дайындамайды мысалға. Бүкіл халық қанша күннен бері жүрміз мына жерде. Шулап-шұбырып. Неге бір адам түсіп айтпайды? 

Тіпті орталық басшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көліктерін алдыртқан. Орталық қызметкерлері үш күннен бері жұмыстарын әдеттегідей таңғы 9-дан емес, одан ерте жұмыс бастап жүрген көрінеді.  

Сәкен БАЙҒАЛИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Қазір біздің бөлімдерде өте көптеген адамдар қызмет алушылардың саны өте көп. Техникалық, ақпараттық ахауларға байланысты. Бірақ соған қарамастан біз қызмет түрлерін арттырып жатырмыз.

Орталық басшылығының айтуынша, проблема негізінен электронды құжаттар Ішкі істер министрлігіне түскен кезде пайда болады. Бас полицей бұл мәселені зерттеп жатқандарын жеткізді.   

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Бұл мәселемен тікелей "Азаматтарға арналған үкімет "корпарациясы айналысады. Қазір шешу жолдарын қарастырып жатыр. Автоорталықта Жұмағалиев өзі жүр, мәселенің туындауына не себеп екенін анықтайды.

Ал Ішкі істер министрінің орынбасары елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мәселені жұмыс уақыты аяқталғанша реттеуді тапсырған. Ал, "Азаматтарға арналған үкіметтің" өз уәжі бар.   

Қайрат ӘБСАТТАРОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізінен ІІМ осындай ұсынысы болған, олар бұл қызметтерді өздерінің бэк-офистерінде отырып көрсетеді деп. Соған байланысты ІІМ өзінің ақпараттық бағдарламасын іске қосты. Қазіргі кезде осы ақпараттық бағдарламаның орындаушысы болады ғой, жеке кәсіпкер бар, осының барлығын орындайтын. Солар осы жүйедегі ақауларға байланысты олар осы бізден өткен халықтың өтінімдерін ақауларға байланысты қанағаттандыра алмай отыр.

Министр Асқар Жұмағалиев та бұл істі өз бақылауына алатынын хабарлады. Ол өз қарамағындағыларға орталыққа келген соңғы тұтынушыға дейін қызмет көрсетуді бұйырды.  

Ә. Лесбек