Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанайда ауған соғысының ардагері жарығы, суы, газы жоқ үйде тұрып жатыр

AstanaTV
03.07.2019ж. 20:00
2275
Қостанайда ауған соғысының ардагері жарығы, суы, газы жоқ үйде тұрып жатыр

Қостанайда ауған соғысының ардагері өркениет атаулыдан жұрдай пәтерде күн кешіп отыр. Қарияда «қалада емес далада тұрып жатқандаймын» деп қаймығады. 83 жастағы Николай Матузков он күннен бері жарықсыз, газсыз, сусыз күнелтіп жүр. Тар бөлмеде тарыққан қарияның мұң-мұқтажын Заңғар Санай тыңдап қайтты. 

Ауған соғысының ардагері осыдан он бес жыл бұрын Оңтүстіктен Қостанайға қоныс аударған. Балалары басқа қалада тұрады. Николай Матузков бір жыл бойы оңалту орталығында болғанын айтады. Шаһар билігіне шығып, уақытша баспанаға қол жеткізіпті. Алайда тар бөлмеде түк жағдай жоқ,-дейді ақсақал.

Николай МАТУЗКОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Жарық жоқ. Су жоқ. Крандар түгел істен шыққан. Газ да жоқ. Бау-бақша суарып жүрген адамдардан бірнеше ыдысқа су құйғызып алдым.

Газсыз, сусыз, жарықсыз отырған жалғыз қарияға әуелі көрші-көлемі қарайласқан. Тіпті тұрғындардың бірі ардагердің аянышты жағдайын әлеуметтік желіге жүктеп, жерлестерін жәрдемдесуге шақырыпты.  

Вероника КЛИМОВА, КӨРШІСІ:

Бұл жағдайды инстаграмға жарияладым. Көп адам қол ұшын бергісі келетінін білдірді. Оның мекен-жайын және қалай жәрдемдесуге болатынын сұрағандар көп.

Қала билігі қарияның мәселесінен хабарсыз болып шықты. Тілшілер сауалхат жолдаған соң ғана шенеуніктер ақсақалдың үйін бас сұқты. Әкімнің орынбасары екі-күннің ішінде коммуналды қызметті қосуға уәде берді. Бұл пәтер оған уақытша берілген. Кілті бір жыл бұрын табысталыпты. Атқамінерлер ардагер бізге шағымданып келмеді деп отыр.  

Алмас ӘБІЛДИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Свет міне беріледі. Су берілді. Енді газ мәселесін шешеміз, жақын арада бәрін шешіп бұл кісінің өмір сүруге деген жағдайын жасап, барлығын дұрыстап береміз.

Қалалық әлеуметтік бөлім өкілдері Николай Матузковты қарттар үйіне орналастыруға ұсыныс білдірді. Алайда ардагер оңаша тұрғысы келетінін айтып, келісімін берген жоқ. Енді оған аптасына екі рет әлеуметтік қызметкер келіп көмек көрсетпек.  

Меруерт СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: 

Екі рет аптасына келіп тұрады.Ол кісіге әлеуметтік және заңдық немесе дәрі-дәрмек, тамақ деген сияқты көмектерін көрсетеді.

Әкімдіктің ақпарына сәйкес ауған соғысының ардагері тегін баспана тізіміне 2008 жылы тіркелген. Қазір кзекте 1888-ші болып тұр.  

З. Санай